Басты бетҚоғамУкраина-Польша шекарасынан...

Украина-Польша шекарасынан Қазақстанның 241 азаматы өтті

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің хабарына қарағанда, шекарада тағы 99 азамат кезегін күтіп отыр, олардың арасында Киевтегі Қазақстан елшілігінің дипломаттары бар.

Air Astana эвакуациялық борты (174 орын) 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 09.50-де Атыраудан ұшып шыққан. Ұшақ Катовице әуежайына Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13.33-те қонды. Катовице-Атырау бағыты бойынша кері ұшу 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.30-да жоспарланған, — делінген хабарламада.

Украина-Польша
Фото: Қазақстанның сыртқы істер министрлігі

Ведомство Қазақстан азаматтарының жиналуына қарай қосымша эвакуациялық рейстерді жоспарлап отырғанын да хабарлады.