Мәжіліс отырысынан кейін журналистер Ерлан Қошановтан Қазақстан Украинаға қалай көмектесе алатынын сұрады.
Украина мен Ресей — бізге бауырлас елдер. Сондықтан қанның төгілгенін, ғимараттар қирағанын көру өте ауыр. Қазақстан қандай көмек бере алады? Мемлекет басшысы айтқандай, біз екі тарап арасында делдал болып, келіссөздер алаңын ұйымдастыра аламыз, — деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс спикеріне Қазақстан Ресейге қарсы санкциялардың салдарын қалай азайтатыны туралы сұрақ қойылды.
Жағдай күн сайын, сағат сайын өзгеріп отыр, сондықтан болжау қиын. Мемлекет басшысы ұлттық банк пен үкіметке Батыс санкцияларының Қазақстан экономикасына әсерін барынша азайтуды тапсырды, — деді мәжіліс төрағасы.