Басты бетҚоғамПірматов президентке...

Пірматов президентке валюта нарығындағы ахуал туралы айтты

Мемлекет басшысы ұлттық банктің әлемдегі геосаяси жағдайға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттері туралы есебін тыңдады.

Ғалымжан Пірматов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, соның ішінде халықтың теңгемен салған салымдарын қорғау, сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі қатерлер ескеріле отырып, ақша-несие саясатының іске асырылу барысы туралы баяндады.

Ғалымжан Пірматов валюта нарығындағы ахуал, ұлттық банктің алтынвалюта резервтерінің және ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.