Ғалымжан Пірматов ұлттық банк төрағасы болды

Мемлекет басшысы ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Олжаұлы Пірматовты тағайындауға ұсыныс енгізді. Оның қаржы және бюджет саласында мол тәжірибесі бар. Сенат регламентіне сәйкес ұсынылған кандидатура қаржы және бюджет комитетінің отырысында талқыланды, — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов сенаторлар алдында Ғалымжан Пірматовтың кандидатурасын ұсынды. Ашық дауыс беруде депутаттар кандидатураны қолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Пірматовты ҚР ұлттық банкінің төрағасы лауазымына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Айта кетейік, Ғалымжан Пірматовтың өзі кездесуде болмаған. Ол коронавируспен ауырып жатыр. Ғалымжан Пірматовты президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов таныстырды.