Президент жастарға мүмкіндік бермеуді партияның «негізгі кемшілігі» деп атады

Ашығын айтқанда, қазіргі кезде саяси менеджерлерді даярлау ісі ақсап тұр. Қазіргі жағдайда саяси басшылар түрлі мамандармен, жастармен, журналистермен, халықтың барлық өкілімен тіл табыса алуы керек. Мұндай адамдар ел арасында аз емес. Әлеуметтік лифтінің жоқтығы – бірден-бір кедергі. Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік бермейміз. Бұл – біздің басты кемшілігіміз. Партия құрылымында саяси менеджмент академиясы бар. Осы академияның қызметін күшейту қажет, – деді президент партияның кезектен тыс съездінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді одан әрі жаңғырту үшін партияластарынан тың ұсыныстар күтетінін айтты.

Президент жалпыұлттық өзекті мәселелер күн тәртібін әзірлеу үшін Қазақстанның әрбір азаматынан тың идеялар мен ұсыныстар жинау жөнінде республикалық акция ұйымдастыруды, партияластардың ішінен сенімді адамдарды іріктеп, оларды ілгерілету ісін жалғастыруды дұрыс деп есептейді.