Ресейдің қаржы институттары үшін Mastercard желісі бұғатталды

Mastercard бас директоры Майкл Мибахтың мәлімдемесінде айтылғандай, жабылу себебі — Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге салынған санкциялар.

Санкциялық бұйрықтардың нәтижесінде біз Mastercard төлем желісінен бірнеше қаржы институтын бұғаттадық,- делінген компания хабарламасында.

Майкл Мибах Mastercard алдағы күндерде реттеушілермен жұмыс істеуді жалғастыратынын айтты.

Айта кетейік, Mastercard Inc. халықаралық төлем жүйесі, әлемнің 210 еліндегі 22 мың қаржы институтын біріктіретін трансұлттық қаржы корпорациясы.