Асхат Аймағамбетов Telegram-да каналын ашты

Асхат Аймағамбетов өз Telegram-каналын ашты. (…) Парақшаға жазылып, жаңалықтардан хабардар болыңыздар, — делінген білім және ғылым министрлігінің Telegram-каналында.

Министрдің Telegram-мен қоса, Facebook және Instagram-да парақшалары бар.

Асхат Аймағамбетовтің Telegram-каналына 23.19-дағы жағдай бойынша 4 130 адам жазылған.

Арнама үш сағаттың ішінде бірнеше мың қолданушы жазылды. Бұл мен үшін күтпеген жағдай. Әрқайсыңызды арнамда көргеніме қуаныштымын! Министрліктің жаңалықтары мен жүргізіп жатқан жұмыстары туралы ақпаратты бөлісіп отырамын. Арнаны өзім жүргіземін, — деп жазды министрдің өзі.