Қаңтар оқиғасы: кәмелетке толмаған екі азамат әлі қамауда отыр

Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев тергеу-жедел топтары терроризм актілері, кісі өлтіру, қару ұрлау және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 3 502 қылмыстық істі тергеп жатқанын, 737 күдікті тергеу изоляторында қамауда отырғанын айтты.

Серік Шалабаев сонымен бірге 307, оның ішінде кәмелетке толмаған 27 азамат босатылғанын, екі азамат әлі қамауда отырғанын хабарлады. Бүгінде бұлтартпау шарасын өзгерту туралы арнайы прокурорлардан тағы 22 адамға қатысты материалдар түскен.

Қаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша 1,5 мыңға жуық оқиға орнын қарау жүргізілді, 1500-ден астам сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Прокуратура органдарына тергеудің заңсыз әдістері мен азаптауды қолдану туралы 283 арыз түсті. Оған кінәлі құқық қорғау органдарының қызметкерлері заң алдында қатаң жауапқа тартылады, — деді қылмыстық қудалау қызметінің бастығы.