Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеді

Бүгін мәжіліс депутаты өкілетін тоқтату туралы шешім қабылдадым және толығымен қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке ден қоюды ұйғардым, — деді Дариға Назарбаева өз үндеуінде.

Дариға Назарбаева Nur Otan партиясына дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарына және өзіне сенім артқан ел басшылығына алғысын айтты.

Оның айтуынша, қайғылы қаңтар оқиғасы бейбітшілік пен Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміз гүлденіп, одан әрі дамымайтынын көрсетті. Болған оқиғаның бәрі – біздің халқымыз үшін ауыр трагедия.

Болған оқиғаға жан-жақты және объективті тергеу жүргізу қажет деп есептеймін, соның нәтижесінде кінәлілер әділ жазаға тартылып, кінәсіз адамдар босатылуы керек, — деді Дариға Назарбаева.

Ол барша қазақстандықты «қаралы қаңтардан» сабақ алып, мұндай жағдай ешқашан қайталанбас үшін барлық күш-жігерді салуға үндеді.

Зұлымдық пен қорқынышқа толы күндер анархияның неге әкеп соғатынын көрсетті. Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, оның ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігін сақтау үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін біз қоғамның бірлігі мен тұтастығын көрсетуіміз керек. Мен өз еліме және оның мүддесі үшін одан әрі қызмет ете беремін. Бұл үшін лауазым қажет емес, — деді ол.