ІІМ: Қаңтар оқиғасынан кейін 52 адам сотталды

Ішкі істер органдары тергеушілері тарапынан қаңтар оқиғалары бойынша 107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталды. Бұл істердің де негізгі бөлігін ұрлықтар — 65, қаруды заңсыз сақтау фактілері – 11, оларды ұрлау – 7 және өзге де қылмыстар құрайды, — деді Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде.

Санжар Әділовтің айтуынша, сотқа 86 айыпталушы берілді.

Бүгін елімізде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отырып, 52 адамды соттады. Олардың 39-ы бас бостандығын шектеуге, 13-і бас бостандығынан айыруға, ал 2 адамға қатысты тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды, — деді ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.