Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарланды

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары. 2022 жылдың 25-26 ақпанында Air Astana әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыру жоспарланды, — делінген хабарламада.

Рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады. Қазақстан азаматтарына Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етілді.

Азаматтардан мүмкіндігінше Львов қаласына келулерін сұраймыз. Қабылдау пункті — Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының құрметті консулдығы. Тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19. Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49, — делінген хабарламада.