Қазақстаннан Украинаға рейстер 7 наурызға дейін тоқтатылды

Бұған дейін идустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Украинаның әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салғанын хабарлаған болатын.

Украина әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana бүгіннен бастап кем дегенде 2022 жылдың 7 наурызына дейін Киевке барлық рейстерді тоқтатады. 2022 жылдың 22 ақпаны мен 7 наурызы аралығындағы рейстерге билеттерді 31 наурызға дейін тегін қайта брондау немесе билетті қайтаруға рұқсат етіледі. Жолаушыларға СМС арқылы хабарланады. Киевке ұшатын рейстер туралы ақпаратты Аirastana.com сайтынан тексеріңіз, — деп хабарлады әуе компанияның баспасөз қызметі.