Басты бетЖаңалықтарДоллар бағамы...

Доллар бағамы күрт өсті: KASE сауда-саттықты уақытша тоқтатты

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында доллар 452 теңгеден, Алматыда сағат 11.00-де 459 теңгеден сатылып жатыр. Осыған байланысты KASE сауда-саттықты уақытша тоқтатты.

Қазақстан қор биржасы (KASE) техникалық себептерге байланысты KASE қор нарығындағы сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де ашылатынын хабарлайды. KASE келтірілген қолайсыздықтар үшін нарық қатысушыларынан кешірім сұрайды, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Доллардың қымбаттауына байланысты көптеген ақша айырбастау пункттері доллар сатуды уақытша тоқтатқан еді. 23 ақпанда 11:20-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,23 теңгеге көтеріліп, 437,35 теңге болды.