Коронавирус матрицасы: «қызыл» аймақта бір ғана өңір қалды

Кеше, 23 ақпанда «қызыл» аймақта тұрған Алматы «сары» аймаққа өтті. «Қызыл» аймақта Солтүстік Қазақстан облысы ғана қалды.

«Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Қостанай, Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.