Басты бетҚоғамМәсімовтің тағы...

Мәсімовтің тағы бір экс-орынбасары туған күнінде қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовке, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұловқа, Дәулет Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттерін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр. 2022 жылғы 22 ақпанда лауазымдық өкілеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов ұсталды, — делінген хабарламада.

Марат Өсіповке 23 ақпанда сот санкциясымен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды.

Бүгін, 23 ақпанда Марат Өсіповтің туған күні, ол 62 жасқа толды.