Басты бетҚоғамТалғат Құрманбаев "ҚазТрансОйл" бас директоры болды

Талғат Құрманбаев «ҚазТрансОйл» бас директоры болды

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен Талғат Құрманбаев 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап «ҚазТрансОйл» бас директоры (басқарма төрағасы) болып сайланды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылы 14 қаңтарда «ҚазТрансОйл» компаниясының бас директоры — басқарма төрағасы Димаш Досанов қызметінен кетті. Ол бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі.