Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов қызметінен кетті

Мұны «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Қайрат Шәріпбаевтың арызы негізінде QazaqGaz ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы шешіміне сәйкес, оның QazaqGaz ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы басқарма төрағасы ретіндегі өкілеті тоқтатылды, — делінген хабарламада.

«Самұрық-Қазына» қорының сайтында екеуінің де 14 қаңтарда түсірілген арызына байланысты қызметінен босатылғаны жазылған.

Димаш Досанов
Димаш Досанов. Фото: Kcp.kz

Димаш Досановтың арызы негізінде «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы шешіміне сәйкес, оның «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы бас директоры (басқарма төрағасы) ретіндегі өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды, — делінген хабарламада.

«Азаттық» радиосы Қайрат Шәріпбаевты ақпарат құралдары Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі деп атайтынын жазды. Ал Димаш Досанов — Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі.