Әділбек Жақсыбеков енді QazaqGaz директорлар кеңесінің төрағасы емес

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының 2022 жылғы 18 ақпандағы шешімі бойынша QazaqGaz ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Осы шешіммен Әділбек Жақсыбеков, Қайрат Шәріпбаев және Мәлік Сәулебай өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды, — делінген хабарламада.

Ернат Бердіғұлов пен Николай Казутин QazaqGaz директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Ернат Бердіғұлов сонымен бірге директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған.

Енді QazaqGaz директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады: Е.К. Бердіғұлов, Н.Ю. Казутин, А.А. Нұрғазиев, С.Ж. Жаманбалин, — делінген хабарламада.