«Алтын орда» базары маңындағы жолайрық құрылысы қашан аяқталады?

Ұлттық компания мәліметінше, «Алматы-Бішкек» тас жолының «Алтын орда» базары ауданындағы (16-19 километр) бөлігін күрделі жөндеу жобасын жүзеге асыру барысында «Асыл-Арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары қалаға шыққанда және кері қайтқанда тек айналма жолдармен қатынауға мәжбүр.

«Асыл Арман» тұрғын үй кешені маңындағы құрылысы аяқталмаған эстакада. 2022 жылдың «Асыл Арман» тұрғын үй кешені тұрғындарының Алматыға қарай кедергісіз шығуы үшін «Алматы-Бішкек» автожолында «құбыр» үлгісіндегі жолайрық (18+700 шақырым) және Райымбек ауылына бұрылыстағы қосымша жаяу жүргіншілер көпірін (19+860 шақырым) салу үшін жеке жоба («Алтын-орда» жобасына кірмейтін) әзірленді және 2020 жылдан бастап жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды жолайрықтың жалпы ұзындығы 264 метр, — деп хабарлады «Қазавтожол» баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жоба бойынша шарттық міндеттемелер орындалмауына байланысты мердігерлік ұйыммен шарт бұзылып, барлық өндірістік жұмыс тоқтады.

Компания өндірістік рәсім аяқталғаннан кейін нысандағы жұмысты 2022 жылдың аяғына дейін аяқтау үшін мердігерді анықтауға конкурс өтетінін мәлімдеді.