Өткен жолғы брифингіде мемлекеттік нысандарға шабуыл жасаушылардың іс-әрекеттері терроризм актілері және жекелеген тұлғалардың іс-әрекеттері жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу ретінде сараланатын жағдайлар туралы айтылды. Ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурорлардың басшылығымен аталған санаттағы 91 істі тергеп жатыр, оның ішінде терроризм актілері бойынша – 46 және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша — 45. Бұл істерді тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр, — деді Елдос Қилымжанов.
Оның айтуынша, жеке басын, жасалған қылмыстағы рөлін, тергеуге жәрдемдесуді ескере отырып, 128 күдіктіге қатысты қамауда ұстау — ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.