Мемлекет басшысы келесі президент сайлауына қатыса ма?

Президентке екі мерзім берілген. Оны бұзуға болмайды. Наурыздағы жолдауымда, мүмкін, осы маңызды мәселе жөнінде өз пікірімді айтамын. Ал бірақ қазір сайлауға барамын ба, бармаймын ба, айта алмаймын, ерте, — деді Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, 2019 жылы 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 % дауыспен жеңіске жетті.