Басты бетҚоғамПрезидент жаңа...

Президент жаңа әкім Алматыны қалпына келтіреді деп үміттенеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевтың іскер, еңбекқор екенін айтып, оның жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек деп есептейді.

Ондай ойым жоқ. Алматы еліміздегі ең ірі ерекше шаhар деп айтуға болады ғой. Қаланың ахуалы, тұрғындардың әл-аухаты менің жеке назарымда. Қаңтар оқиғасы кезінде қаланың экономикасы зардап шекті. Азаматтардың және бизнес иелерінің дүние-мүлкі тоналды, көп нысан өртелді, қиратылды. Соның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл оңай шаруа емес. Бұл жұмыс жаңа әкім Ерболат Досаевқа жүктелді. Қолынан келеді деп үміттенемін. Себебі оның бизнес саласында, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Іскер, еңбекқор адам. Жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жөн деп ойлаймын, — деді мемлекет басшысы.

Еске салайық, Ерболат Досаев 31 қаңтарда Алматы әкімі болды. Алайда оның тағайындалуына азаматтар қарсылық білдіріп, петиция жариялады.