Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев берген өтінішіне сәйкес, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті төрағасы қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.
Әнуар Жұмаділдаев 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.
Әр жылдары қаржы бақылау комитеті мен ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарды.
2017-2019 жылдары қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды.
2020 жылы шілде айында қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды.