Тоқаев жоғарғы сот судьясын қызметінен босатуды ұсынды

Сенат 16 ақпанда жоғарғы сот судьясын қызметінен босату мәселесін талқылады.

Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар президенттің жоғарғы сот судьясы қызметінен босатуды ұсынған кандидатураны талқылады.

Сенат комитеті жоғарғы соттың судьясы Жаңылсын Арқарова орнынан түсуіне байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын қарай келіп, парламент сенатына оны қызметінен босатуды ұсынған қорытынды шығарды, — делінген хабарламада.