Бұрын хабарланғандай, «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонаған үш адам ұсталды. Олардан бес мылтық тәркіленді.
Екі күдікті Алматы облысының, тағы біреуі Жамбыл облысының тұрғыны. Олардың бірі бұрын тонау бойынша сотты болған. Олар 22-24 жаста. Алматы облысы Қарасай ауданы аумағында арнайы іс-шара барысында екі күдікті ұсталды, тағы бір айыпталушы Алматының Достық даңғылындағы сауда үйінде тұтқындалды. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Ұсталғандар бір ауыздан қару-жарақ дүкенін тонауды өздері танымайтын, белгісіз адамдардың командасымен орындаған айтады.
Бір бейтаныс жігіт көлігіме отырып, Шаляпин мен Саин көшелеріне баруымды бұйырды. Мен бардым. Тонаудан кейін бұл адам жоғалып кетті. Оның кім екенін, қайда кеткенін білмеймін, – деді ұсталған күдікті.
Біз көп болдық. Ұрланған қаруды мен тығып қойдым, – деді тағы бір күдікті.
Ұсталғандардың үшеуі де басқа өңірден келгені, Алматыда тұрақты жұмысы жоқ екені анықталды.