Басты бетЖаңалықтарБейжің–2022: Қазақстан...

Бейжің–2022: Қазақстан спортшыларының 15 ақпандағы жарыс кестесі

Шыңғыс Рақпаров шаңғы қоссайысынан өнер көрсетеді. Алдымен қазақстандық спортшы үлкен трамплинде бақ сынайды. Бұл жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де басталады. Содан кейін ол он шақырым болатын жарысқа қатысады (17:00).

Екі жарысты да Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

Шаңғы акробатикасынан фристайлшы Шерзод Хаширбаев бақ сынайды. Жарыс 15:00-де басталады, трансляцияны «Хабар» телеарнасынан тамашалауға болады.