Мәжіліс спикерінің кандидатурасын вице-спикер Павел Казанцев ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады. Өз кезегінде палата спикері депутаттарға фракция жетекшісі ретінде қолдағандары үшін алғыс білдірді.
Ерлан Қошанов фракция жұмысын жаңа деңгейге көтеретінін айтып, мемлекет басшысы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 28 қаңтарындағы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезінде фракция жұмысын қайта бастау туралы тапсырмасына ерекше назар аударды.
Фракция басшысы өз сөзінде партия төрағасының қойған жеті басым бағытын және оған түбегейлі реформа жасап, қайта құру қажеттігіне назар аударды. Палата төрағасы барлық депутат сенім мандатын алып, көпшілік депутаттар праймериз арқылы өтіп, өңірлердің тіршілігін жақсы білетінін алға тартты. Сонымен қатар бұл аймақтардағы өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік беретініне тоқталды.
Отырыс барысында жаңа міндеттерді ескере отырып, мәжілісмендер фракцияның сапалық құрамына өзгерістер енгізді.
Атап айтқанда, мәжіліс депутаты Ерлан Саиров фракция төрағасының орынбасары және президиум мүшесі, ал мәжіліс депутаттары Елнұр Бейсенбаев пен Екатерина Смышляева фракция төралқасының мүшесі болып сайланды.