Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, ақпан айының басында сенаторлар дәл осы заңды қарап, қабылдады. Бұл заңға парламент депутаттары бастамашы болды.
Заң халықаралық шарттарға қатысты заңнамадағы олқылықтар мен нормалардың қайшылығын жоюға мүмкіндік береді. Сонымен бірге онда «дәйектеу», «халықаралық шарт жасасу», «қол қою» және «өкілеттер» ұғымдары нақты анықталған.
Қабылданған заң халықаралық шарттарды жасасу тәртібінің жекелеген ережелерін нақтылайды. Сонымен бірге халықаралық шарттарды жасасу аясында тиісті рәсімдерді жетілдіруді көздейді, – деп Мәулен Әшімбаев осы заңды әзірлеген парламент депутаттарына алғыс айтқан.