Президент мұны қаржылық мониторинг агенттігінің Жанат Элимановты қабылдағанда айтты.
Ведомство капиталды заңсыз шығаруға жол бермеу мақсатында қаржы реттеушілерімен бірлесіп, күмәнді трансшекаралық аударымдарға күшейтілген мониторинг жасау ісін жолға қойған.
Жанат Элиманов Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл тоқтатылған күдікті операциялардың саны 3 еседен асқаны және оның жалпы құны 150 миллиард теңгеге жуық екенін баяндады. Осы деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Агенттіктің мәліметі бойынша шетелге ақша қаражатын шығарудың күрт көбейгені байқалмайды. Керісінше, биыл шетелге аударылған қаржы 30% азайған.
Жанат Элимановтың айтуынша, мүдделі органдармен бірлесіп, қолма-қол валютаны заңсыз шығаруға бақылау күшейтілген. Жалпы сомасы 5 миллион АҚШ долларына жуық заң бұзушылық анықталған.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы күресу үшін агенттік төрағасына тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді. Президент заңсыз иемделген активтерді, соның ішінде шетелден іздеуге баса мән беру қажет екенін, сонымен бірге оларды Қазақстанға қайтару жұмыстарын жандандыру керегін айтты. Бұл жұмыстардың бәрі тұлғаның кім екеніне және лауазымына қарамай жүргізілуге тиіс.