Қазақстандық үш шорт-трекші Бейжің олимпиадасының ширек финалына өтті

Шорт-тректен Қазақтанның ерлер командасы 500 метрге жарысудан олимпиаданың іріктеу айналымына қатысты. Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов және Абзал Әжіғалиев қорғады. Іріктеу қорытындысы бойынша үш спортшы да ширек финалға жолдама алды.

Ғалиахметов өз тобында екінші орын, Никиша мен Әжіғалиев бірінші орын алды. Осылайша, Қазақстан спортшылары автомат түрде келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, ширек финал, жартылай финал және финал 13 ақпанға жоспарланған.