Jusan Singularity IT-мектебінде стипендияны қалай алуға болады?

Мүмкіндік барлығында бар

Қабылдау комиссиясының жетекшісі Анар Садыкова іріктеу механизмі туралы айтып берді:

«Жүйе қарапайым, конкурс арқылы мықтылар өтеді. Өтінішті барлық адам бере алады, ал іріктеу бейін құзыретіне жақын бағыттар бойынша жүргізіледі. Ағылшын тілін білу міндетті, «техникалық ойлау» қабілеті болғаны дұрыс, логика, командада жұмыс істеу, бастама білдіруге қатысты қосымша сертификаттары болса тіпті жақсы. Бұның бәрі бастапқы іріктеуге қажет. Одан кейін оқу және тапсырмаларды іс жүзінде орындаудағы жетістіктері арқылы бағаланатын болады».

Jusan Singularity берген кестеге сүйенсек, өтініш қабылдау 15 ақпанда аяқталады, ал 21 ақпанда үміткерлер іріктеліп, қабілеті жоғары деген 1 000 адам келесі деңгейге өтеді.

Ең қайтарымды инвестиция

Ұйымдастырушылардың өзі конкурста бір орынға қанша адамнан келетінін болжай алмай отыр, алайда Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып ниет білдіргендер санының осынша көп болуын жақсыға балайды:

«Біз бұл жоба үлкен сұранысқа ие болады деп болжадық, дегенмен шын нәтижие біз күткеннен асып түсті десек те болады. Бастапқы екі күннің өзінде 800 өтініш қабылданды. Бұл жеке дамудағы бірінші және басты капитал білім екенінде ешқандай күмән қалмағанын білдіреді!»

Ұйымдастырушылар қатысушыларды онлайн іріктеуге 3 апта бөлді. «Осы 21 күн ішінде мыңнан жүйрік екеніңді таныта білуің керек», — дейді Jusan адам капиталын дамыту департаментінің директоры Анна Тимофеева. Оның айтуынша, мұндай жоғары бәсекелестікті нарықтың өзі қалыптастырып отыр және білікті мамандарға деген сұраныс сапалы білімге деген қажеттілікпен деңгейлес.

Chill out

Жанталасқан қауырт режим тек іріктеу кезеңінде болатынын айта кету керек, одан кейін жеңімпаздарды конкурссыз, уайымсыз 4 айлық оқу күтеді. Қатысушыларға арналған лекциялар мен практикалық сабақтар заманауи әсем Jusan Singularity опен-спейсінде өткізіледі. Ұйымдастырушылардың пікіріне сүйенсек, ІТ-кадрларды дайындағанда тек қана финтех пен ІТ алпауыттарының жеке білім беру тәжірибелеріне ғана емес, сондай-ақ «күнделікті кеңістік дизайнына», яғни офиске, техникалық жабдықтарға, демалыс аймақтарына да айрықша назар аудару қажет.

Jusan Singularity студенттері өздерінің мамандықтары бойынша сертификаттар, JAVA, iOS, Android, Frontend әзірлеушілері, DevOps инженері және Jusan тобы компанияларының біріне жұмыс офферін алады.

Jusan Singularity командасында болғыңыз келе ме? Сайтта оқуға өтініш қалдырып, нағыз білімділер сайысына түсіңіз.

ҚР ҚНРДА берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.