Басты бетҚоғамҚазақстан бір...

Қазақстан бір жылда ақылы автожолдардан қанша ақша тапты және оны қайда жұмсайды?

Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: «Нұр-Сұлтан-Теміртау», «Нұр-Сұлтан-Щучинск», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» республикалық жол учаскелерінен 6,9 миллиард теңге түскен.

Сонымен қатар елімізде былтырғы 23 қарашадан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: «Тараз–Қайнар», «Шымкент–Қызылорда», «Шымкент–Тараз», «Шымкент–Өзбекстан шекарасы», «Талдықорған–Қапшағай», «Көкшетау–Щучинск», «Нұр-Сұлтан–Павлодар» автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 миллиард теңге түсті, — делінген хабарламада.

Жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға жұмсалады.