Ақылы жолдардан түсетін қаражат қандай мақсатқа жұмсалады?

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр 2022 жылға қарай ақылы автожолдардың ұзындығы 6,5 мың шақырымға жететінін, жиналатын төлемдердің сомасы 40 миллиард теңге болатынын айтты.

Осы жылдың қаңтарының соңында жалпы ұзындығы 471 шақырым болатын Алматы — Қорғас, Алматы — Қапшағай және Астана — Теміртау учаскелерінде төлем жинау басталды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ақылы 4 учаске бойынша төлемнің жылдық сомасы 5,4 миллиард теңге болады, ал жолдарды күтіп ұстауға бөлінетін қаржыландырудың нормативтік қажеттілігі — 3,2 миллиард теңге. Келесі жылы тағы 5,5 мың шақырымға төлем алу жүйесін енгізу көзделіп отыр, — деді Роман Скляр.

Министрдің мәліметінше, 2022 жылдың соңына қарай ақылы автожолдар өз шығынын өзі ақтайтын деңгейге жетеді.

Бүкіләлемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекегеқабілеттілік индексі рейтингінде автомобиль жолдарының жағдайы бойынша, статистикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстан 59-орында. Халықтың жергілікті жолдарға қанағаттану деңгейі бойынша, сауалнама көрсеткіштері бойынша 106-орында. Соған байланысты өңіраралық инфрақұрылымды дамыту мақсатында автожолдарды қаржыландыру тепе-теңдік негізінде 156 миллиард теңгеге жеткізілді, бұл 4 мың шақырымнан астамды жөндеуге мүмкіндік берді, — деді министр.

Министрдің айтуынша, осы жылдан бастап қымбат күрделі жобалардан негізінен суық ресайклинг әдісімен жасалатын шығыны аз орташа жөндеуге көшу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының съезінде берген тапсырмасы бойынша жергілікті жүйелер жолдарын дамытуға бөлінетін қаржыландыру жыл сайынғы негізде 200 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылады. Бұл шаралар 2025 жылдың соңына қарай 35 мың шақырымды жөндеуге және жергілікті маңызы бар жолдарды 95%-ға жақсартуға мүмкіндік береді, — деді министр.

ДереккөзZakon.kz