Басты бетҚоғамАлматыда 10...

Алматыда 10 сантиметр қар түсті

18.00-де қаладағы қардың қалыңдығы 10 сантиметрге, тау бөктері мен таулы аудандарда 15 сантиметрге дейін жеткен. Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауа салысымен жолдарға 450 тонна құм себілді.

Қарды сыпыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 159 текше метр қар шығарылған.

621 бірлік арнайы техника, 201 құмшашқыш және 1 532 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша 10 ақпанның таңына дейін қар жауады. Түнде 4-6 градус суық болады. Тұман, көктайғақ болуы мүмкін.