Тоқаев жуырда Назарбаев университетіне баратынын айтты

Ол президентке Назарбаев университетінің қазіргі жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы айтты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, әңгімелесу кезінде білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективаларына, түрлі саладағы жаңа технологиялар мен инновацияларды әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударылған.

Фото: Akorda.kz

Шигео Катсудың айтуынша, университет Қазақстандағы жоғары білім беру ісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесін қосуға дайын. Оқу орнының қызметі ұлттық экономика мен еліміздегі әлеуметтік саланы  жаңғыртуға бағытталған.

Мемлекет басшысы жуық арада Назарбаев университетіне баруға ниетті екенін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шигео Катсуды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жоғары білігі мен Қазақстанның білім беру саласындағы көпжылғы жемісті еңбегі үшін оған алғыс білдірді.