Назарбаев мектебін бітірген әрбір төртінші түлек Назарбаев университетіне түскен

Elbasy.kz хабарлауынша, кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздегі зияткерлік мектептердің қазіргі жағдайы мен алдағы даму жоспары туралы баяндалды.

Қазақстанның бұрынғы президенті 2008 жылдан бері республика бойынша жиырмадан астам жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ашылып, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған балалар үшін үлкен демеу болғанын айтты.

Осыған дейін бұл мектептерді 14,5 мыңнан астам бала бітіріп, олардың әрбір төртіншісі Назарбаев университетіне қабылданды. 2021 жылдың өзінде Назарбаев зияткерлік мектептері түлектерінің 29%-і Назарбаев университетіне, ал 78 бала әлемнің ең озық университеттеріне түсті.

Күләш Шәмшидинова PISA-2018 халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша Назарбаев зияткерлік мектептері дүниежүзінде математикадан үшінші орында, жаратылыстанудан бесінші орында тұрғанын, оқу сауаттылығы бойынша тоғызыншы орында екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаевқа зияткерлік мектеп оқушыларының халықаралық олимпиадаларда қол жеткізген жетістіктері туралы айтты.

Басқарма төрайымы сонымен бірге Қазақстанның бұрынғы президентіне Түркістандағы Назарбаев зияткерлік мектебі құрылысының аяқталу барысы, оқытудың жаңа әдістемелерін енгізу және еліміздегі басқа да оқу орындарына Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесін тарату бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.