СІМ мен Human rights watch қаңтар оқиғасын тергеу бойынша диалогты бастады

Тараптар Қазақстандағы «қасіретті қаңтар» оқиғалары аясында адам құқықтары саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттарды сақтау мәселелерін талқылады.

Қазақстан президентінің тапсырмасымен мемлекеттің құқық қорғау органдары қарулы тәртіпсіздіктерге еліміздің заңнамасы бойынша бейтарап тергеу жүргізуді толық қамтамасыз етуге тиіс, — деді сыртқы істер министрі.

Кеннет Рот «біз Қазақстан билігінің диалог пен ынтымақтастыққа ашықтығын және адам құқықтарының халықаралық стандарттарын сақтау жөніндегі міндеттемелерін растауын құптаймыз» деді.

Фото: сыртқы істер министрлігі

Кездесу барысында сыртқы істер министрлігі мен Human rights watch ұйымының қаңтар оқиғаларын объектив тергеуге мүдделі екені айтылды. Мұхтар Тілеуберді қазақстандық тергеу органдары азаматтарымыз бен халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған әрбір нақты жағдайды қарастыруға дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша адам құқықтарын сақтау мәселелері жөнінде жұмыс байланыстары мен мазмұнды диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.