30-ға жуық жол апаты болды: Алматы полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

Алматы полициясы көктайғаққа байланысты жүргізушілерді сақ болуға шақырды.

Таңғы сағат 6-дан бастап қаланың жоғарғы бөлігінде 25-тен астам жол-көлік оқиғасы болған, 10 апатта жарақаттанғандар бар. Жауын-шашын мен көктайғақ қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатқаны анық: жүріс баяулап, кептеліс байқалады. Осы факторлар қосылып, жалпы жол қозғалысы жағдайына кері әсерін тигізеді, — деді Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.