Алматыда төрт жолақты жаңа жол ашылды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасында мегаполистің жолдары тұрғындардың ұтқырлығын арттыру және қайда тұрғандарына қарамастан жайлы жағдайлар жасау үшін салынып жатқанын атап айтты.

Жолды жақсарту бойынша ауқымды жұмыс жалғасып атыр – жаңа жол салып, бар жолды жөндеп, ұзартып жатырмыз. Жақында Алатау көшесінің Сәбденов көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі 2 шақырымдық учаскесі ашылды. Төрт жолақты жол Наурызбай ауданының әкімшілік орталығын қаланың ірі магистралімен байланыстырды. Абай даңғылын тесу аяқталған соң қала орталығымен көлік қатынасы едәуір жақсарады, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Жол, Алматы
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Жаңа Алматыны» дамытудың кешенді жоспары аясында Алатау, Түрксіб пен Наурызбай аудандарына қарасты сегіз ықшамаудандағы 415 көшеде 108 шақырым жол салынып жатыр. 153 мыңнан астам тұрғынның мобильділігі мен жайлылығы артады. Сондай-ақ, биыл Медеу ауданындағы Думан ықшамауданның 59 көшесінде, яғни 30,5 шақырым жолдың күрделі жөндеу жұмысы аяқталады.

Ұзындығы 206 шақырымнан асатын 212 көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Соның 20-сы магистральды, ұзындығы 43 шақырымға жетеді. Ол Рысқұлов, Сүйінбай, Сейфуллин, Райымбек даңғылы, сондай-ақ Сәтбаев, Күдерин, Жансүгіров, Яссауи, Шаляпин, Момышұлы, Жандосов, Құрманғазы көшелері мен т.б. Жөндеу жұмысының жалпы көлемінің шамамен 20%-ін аяқтау қалды.

Жол, Алматы, жол жөндеу
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы, 237 шақырым жолда орташа және күрделі жөндеу жүргізіледі. 71 шақырым инженерлік желілер салынғаннан кейін қалпына келтіріледі. Ал 70 шақырым жол бірінші рет салынады.

Жол қозғалысын басқару процестерін автоматтандыру жалғасып жатыр. Бүгінде ҚБАЖ (қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесі) модернизациясының бірінші кезеңі аяқталды, онда 93 бағдаршам объектісі жүйеге қосылған. Басқару орталық басқару орталығының үй-жайынан жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта пайдалануға беру жұмыстары жүргізіліп отыр. Екінші кезең, 357 бағдаршамды ҚАБЖ-ға қосуды көздейді, 2022 жылға жоспарланған.

Жол, Алматы, жол жөндеу
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалардың қауіпсіздігін жақсарту мақсатында 40 бағдаршам объектісінің, 70 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы және 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін қосымша жарықтандырумен жабдықтау басталды. Соның ішінде мектептер жанында 5 бағдаршам объектісі салынады, реттелетін 24 жаяу жүргіншілер өткелі және 24 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтуі LED-жарықтандырумен жабдықталады.