Қаңтар трагедиясы: ұрлық пен тонау фактісі бойынша 1 674 іс тіркелген

Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің іс жүргізуінде 2 285 қылмыстық іс бар. Оның негізгі бөлігін ұрлық пен тонау құрайды. Бұл 1 674 іс немесе жалпы тіркелген істердің 73%-ы, — деді министрліктен.

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, кәсіпкерлерден тәртіпсіздіктен зардап шеккені туралы арыз-шағымдар әлі де түсіп жатыр.

Бүгінгі күні жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен объектілердің саны 1 573-ке жетті. Бұл сан өтініштер есебінен артты. Әр өтініш бойынша тергеушілер зардап шеккен нысанға барып, зақымдалған объектілерді тіркеуге алады. Зардап шеккен бизнес объектілердің саны 1 502-ге жетті. Көбінесе дүкендер, ломбардтар, жанар-жағармай құю станциялары мен қоғамдық тамақтану объектілері, аңшылық дүкендер қатты тонауға түскен, — деп жазылған ресми мәліметте.

Уақыт өткен сайын тәртіпсіздік кезінде қирады деген қорытынды шығарылған көліктер саны да артып жатыр.

Зақымдалған немесе қираған көліктің саны да артып, 765-ке жетті. Оның 551-і полицияға, 124-і қарапайым азаматтарға тиесілі. Жалпы мәлімделген шығын 88 миллиард теңгеден асты. Лаңкестік актілер мен жаппай тәртіпсіздіктердің себептері, оларды ұйымдастырған тұлғаларды анықтау бойынша тергеуді арнайы прокурорлар жетекшілік ететін ведомствоаралық жедел-тергеу топтары жүргізеді. Өз кезегінде ішкі істер органдары жаппай тәртіпсіздіктер аясында жасалған басқа да қылмыстар бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, — деді ІІМ баспасөз қызметі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да