Бейжің-2022: бүгін олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді

Шаңғымен тұғырдан секіру. Ресми жаттығу: Сергей Ткаченко, Даниил Васильев. Басталуы: 16:00.

Сонымен қатар, бүгін олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Қазақстандықтар салтанатты рәсімді «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» арналарынан көре алады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады.

Нұр-Сұлтан мен Бейжің арасындағы уақыт айырмашылығы +2 сағат. Олимпиаданың екінші жарыс күнінде қазақстандықтар шаңғымен тұғырдан секіруден кезекті ресми жаттығуға қатысады.

91 елден 3 000-ға жуық спортшы жеті спорт түрінен 109 «алтынды» сарапқа салады. Айта кетейік, Бейжің 2008 жылғы жазғы олимпиада ойындарынан кейін 14 жыл өткен соң жазғы және қысқы ойындарды өткізген алғашқы қала.