Алматы облысында тонауға қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz сайтында хабарланды.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 21 жастағы үш күдіктіні ұстады. Ұсталғандардың барлығы Алматы облысының тумалары.

Қазіргі уақытта 32 жастағы зардап шегуші 16 ұялы телефон ұрланғанын мәлімдеді. Ұсталғандарға қатысты қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды, — деді криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.