Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкерлері тағайындалды

Федерация мұның алдында Қазақстанның ұлттық құрамасын екі командаға — ерлер мен әйелдерге бөлу туралы шешім қабылдаған.

Нұржан Дәуренбекұлын және Иван Павловичті тағайындалуымен құттықтағым келеді! Екеуі де жоғары профильді мамандар, құрама командада жұмыс тәжірибесі бар, ең бастысы, нәтиже бар, — деді Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов.

Еске салайық, 2021 жылы танымал спортшы Альберт Линдердің өлімінен кейін ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов қызметінен босатылды.

Кейін Дәурен Бекмұханбетов ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып сайланды.

Федерация 2022 жылы 13 қаңтарда ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Бақыт Ахметов өз міндеттеріне 2020 жылы, Альберт Линдер кәсіби спорттан кеткеннен кейін 2 жылдан соң кіріскенін, Альберттің тағдырына ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлады. Ішкі істер министрлігі Альберт Линдердің қаза болу фактісі бойынша тергеу жүргізген, іс қылмыстың болмауына байланысты жабылған.