Елімізде қаңтар айында несие алғандар саны күрт көбейді

Ұлттық банктің мәліметінше, банктер берген несие қаңтар айында – 3,7%, ал былтырғы қаңтардан бергі бір жылда 26,5%-ке көбейіп, 18 497,7 миллиард теңге болды.

Соның ішінде, заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 7 758,8 миллиард теңгеге дейін 3,5%-ға, жеке тұлғаларға – 10 738,8 миллиард теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредит көлемі бір айда 16 588,2 миллиард теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 3,8%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 3,9%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 909,5 миллиард теңгеге дейін 2,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,6%-ға өсті, жеке тұлғаларға кредиттер – 0,9%-ға төмендеді. 2021 жылғы желтоқсанның соңында теңгемен кредиттердің үлес салмағы 89,7% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды,- делінген хабарламада.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 030,5 миллиард теңгеге дейін 3,9%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 467,2 миллиард теңгеге дейін 2,7%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы желтоқсанда 3 772,2 миллиард теңгеге дейін 6,2%-ға ұлғайды.

2021 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 11,4%), жеке тұлғаларға – 17,5% болды (14,9%).