«Алтын белгіге» үміткер түлектерге қойылатын талаптар күшейеді

Академиялық біліммен бірге оқушыларға өмірлік маңызы зор дағдыларды игертуге бағытталған «Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсы ұсынылатын болады.  Президент техникалық бағыттағы мамандықтарды дамыту бойынша тапсырма берді. Оны орындау үшін математикалық білімнің сапасын арттыру қажет. Ол үшін оқу бағдарламаларын, әдістемелік құралдарды, оқулықтарды жаңартамыз, математиканы топтарға бөліп оқытуды қолға аламыз. Балаларды еңбекке дайындау үшін ерте кәсіптік бағдарлауға баса назар аударылады, тиісті бағдарламаны өзгертіп, оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін жаңғыртамыз, — деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен бірге, ол орта білім берудің сапасын бағалау үшін қорытынды аттестаттау және бақылау қағидалары жетілдірілетінін айтты.

«Алтын белгіге» үміткерлерге қойылатын талаптар да күшейтіледі. Биылдан бастап білім беру сапасына сырттай бағалау толығымен еңгізіледі. Мемлекеттік аттестаттау рәсімі қайтарылып, профилактикалық бақылау түрінде балабақша, мектеп, колледж деңгейлері үшін өткізіледі. Заңға қажетті өзгерістер еңгізілді, — деді министр.