Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваның жеңістен жеңіске жетуін тіледі

Президент Варшавада өткен әлем чемпионатында шахматтың «блиц» түрінен алтын және «рапид» бойынша күміс медаль иеленген жас шахматшыны жеңісімен құттықтады.

Бибісара Асаубаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, спорттағы карьерасына қатысты алдағы жоспарын бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваның әлемдік шахмат аренасында Қазақстанның намысын келешекте де лайық қорғай беретініне сенімді екенін айтып, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.