Президенттің Алматы әкімін тағайындау туралы жарлығы шықты

Ерболат Досаев Ұлттық банк төрағасы лауазымынан босатылды.

Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылсын, — делінген құжатта.

Президент Алматының қазіргі әкімі Бақытжан Сағынтаевты «басқа қызметке ауысуына байланысты» қызметінен босатты.

Бақытжан Сағынтаевтың қандай қызметке баратыны туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен сұрадық, бірақ әзірше жауап жоқ.