Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды, — делінген құжатта.

Алматы әкімі болып Ерболат Досаев тағайындалды.

Бақытжан Сағынтаевтың қандай қызметке баратыны туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен сұрадық, бірақ әзірше жауап жоқ.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болып 2019 жылғы 28 маусымда тағайындалған еді.