Lufthansa Қазақстанға рейстерді қайта бастайды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Рейстерді компанияның А330 әуе кемелері аптасына 2 рет орындайды.

Франкфурт — Алматы бағыты бойынша рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Алматы — Нұр-Сұлтан — Франкфурт бағыты бойынша рейстер сейсенбі және жұма күндері орындалатын болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиология талаптарын қатаң сақтай отырып және әуе компаниясы сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады,- делінген хабарламада.