29 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзив сұхбаты көрсетіледі

Бүгін сағат 20.00-де «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзив сұхбаты көрсетіледі, — деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Президенттің баспасөз хатшысы сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап беретінін хабарлады.